Мемлекет басшылары коронавирус індетінің таралу жағдайында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауға бағытталған шараларды талқылады деп хабарлайды Ақорда.
Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан азаматтарының еліне оралуына, сонымен қатар қазақ-қырғыз шекарасы арқылы жүк тасымалына көрсеткен көмегі үшін Қазақстан Президентіне алғысын білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесіне Қазақстанның бауырлас қырғыз халқына одан әрі көмектесе беретінін жеткізді.
Әңгімелесу барысында еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі егін науқаны кезінде су ресурсын бірлесіп пайдалану мәселесі талқыланды.
Барлық мәселені жедел шешу үшін екі елдің Үкіметіне тиісті тапсырмалар берілді. Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды.