Жамбыл облысында коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Жамбыл облысында бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

26 наурыз күнгі 22.20-да Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың жалпы саны 112 болды.

Нұр-Сұлтан бойынша 61 адам, Алматыда 40 адам, Қарағандыда төрт, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкентте екі адам, Жамбыл облысында екі адам және Солтүстік Қазақстан облысында бір науқас бар.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болғаны хабарланған еді. Екі адам жазылып, үйіне шығарылды.