Депутаттар халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған бөлім мен көші-қон қызметтері орталығы және №1 бөлімінің жұмысымен танысты. Бөлімдердегі қызмет көрсету барысы кеңінен таныстырылып, көліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктердің беру реті, еңбек мигранттарын қабылдау мен мерзімін ұзарту, №1 бөлімде цифрлық қызмет алудың артықшылығын кеңінен насихаттау туралы мәселелер айтылды.
Депутаттар корпусы халыққа қызмет көрсету орталықтарында халыққа қызмет көрсету бойынша кедергісіз жұмыс жасап, қызмет сапасын арттыруы бағытында нақты жұмыстар атқарылып жатқанына көз жеткізіп, оң бағасын берді.
Сондай-ақ аралау кезінде айтылған ұсыныс-пікір жинақталып, қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы отырысына шығарылатын болды.