Алматыда жер сілкінді: МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл

ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция» мекемесінің мәліметінше, осы уақытта Қазақстан сейсмология станциялары жер сілкінгенін есепке алған.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 137 шақырымда, Қырғызстан аумағында болған.

Энергетика класы — 10.9. Магнитудасы — MPV 5.1. Дүмпу 15 шақырым тереңдікте болған. Ол Алматыда МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл болды.

Тұрғындар жер сілкінісі сезіліп тұрғанын әлеуметтік желілерде жазды.

Алматы төтенше жағдайлар департаменті тиісті мемлекеттік органдарға хабар берді. Полиция департаментінің Шұғыл әрекет ету орталығының мәліметінше, патруль жасақтары патрульдеу бағыттарында ештеңе байқамаған, жағдай тұрақты. Тұрғындардан «112» және «101» желілеріне қоңырау келіп түскен жоқ, — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметінше, жер сілкінісінен соң гидротехника нысандарында қандай да бір зақым байқалған жоқ. Өзендердің ағысы мен лайлануы мен қалыпты шамада.