Талдықорған мен Текелі тұрғындары жер сілкінісін сезді

Зілзала эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 231 шақырымда — Қазақстан аумағында анықталып отыр. Энергетикалық класы — 11,3. Магнитудасы — 4,7. Дүмпу 20 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісінің сезілуі туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Текелі елді мекенінде 3-4 балл, Талдықорғанда 3 балл, — делінген мекеменің хабарламасында.

Мұның алдында 19 қаңтарда жер сілкінісі Алматыда да сезілген еді. Ол кезде сілкіністің эпицентрі Қытай аумағында анықталған. Алматыда дүмпу МSК-64 шкаласы бойынша 3-4 балл болып сезілген.