Вирус Қарағандыда да анықталды.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 20 наурыздағы 08.30-дағы жағдай: коронавирус індетін жұқтырған тағы бес адам тіркелді. Осы сағатта Алматыда 22 адам, Нұр-Сұлтан бойынша 25 адам, Қарағандыда екі адам, жалпы 49 науқас тіркелді, — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, Қарағандыдағы екі науқас — Қазақстанның 1972 және 1971 жылы туған азаматтары, олар Минск — Қарағанды әуе рейсімен ұшып келген. Алматыдағы үш науқас — Германиядан келген 1979 жылғы әйел адам, Франциядан ұшып келген 1997 жылы туған ер адам және 1982 жылғы әйел адам. Бәрінің денсаулығы жақсы.

Бұған дейін Қазақстанда 44 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Нұр-Сұлтанда эпидемиология ахуалы бір тәулік ішінде өзгерген жоқ, Алматыда үш жаңа дерек тіркеліп отыр.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!