ҚР Сауда және интеграция министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге төтенше жағдай режимі кезінде сауда және басқа да кәсіпкерлік нысандарының жұмыс тәртібін бекітті. Бұл туралы Бақыт Сұлтанов Facebook желісінде хабарлады. 

  1. Қызметі уақытша тоқтатылатын нысандар

Азық-түлік емес сауда базарлары, ірі сауда – ойын-сауық орталықтары, сауда – ойын-сауық орталықтары, ірі сауда үйлері, ірі сауда орталықтары және олардың аумағында орналасқан және жеке орналасқан кинотеатрлар, балалар орталықтары, адамдар көп жиналатын кез келген басқа да ойын-сауық нысандары (оларда орналасқан азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сату жөніндегі нысандарды қоспағанда) жабылады.

  1. Жұмыс істеуі шектелетін сауда нысандары

Аумағы 2000 шаршы метрден кем сауда нысандары (сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер, басқа да бөлшек сауда нысандары) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциясын толық орындай отырып, санитариялық және дезинфекция шараларын күшейте отырып жұмыс істейді, атап айтқанда:
1) жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
2) сатып алушыларға қол жетімді нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сатуды тек буып-түйілген түрде жүзеге асыруы керек;
3) көкөніс пен жеміс-жидекті қоспағанда буып-түйілген түрдегі тамақ өнімдерін сату;
4) күшейтілген дезинфекция режимін енгізу: әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекция құралдарымен үстелдерді, орындықтарды, эскалатор тұтқасын, баспалдақтарды, есіктерді, лифт пен еденді өңдеу;
5) келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық кіреберіске тепловизорлар орнату;
6) өз аумағына бетперде таққандарды ғана кіргізу және келушілерге коронавирустың алдын алу бойынша жадынамалар тарату;
7) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункциялы антисептик затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптар беру;
8 ) нысандарды үнемі желдету, сыртқа ауа алу жолымен үй-жайларды сүзуді және желдетуді арттыру;
9) олардың арасындағы кемінде бір метр қашықтықты сақтай отырып,
бес адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу;
10) сауда нысандарында жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлерді бекіту;
11) нысанға іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде бір рет дезинфекция құралдарымен өңдеу.

3. Сауда нысандары аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарына қатысты санитария талаптары

Сауда нысандары аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарына (фуд-корттар, мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар, аспаздар және тағы басқалар) санитария қауіпсіздігі шараларын күшейту, атап айтқанда:
1) тұтынушыға тауарды (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу қызметімен ғана беру;
2) персонал жұмыс барысында бір рет қолданылатын бетпердені пайдалануы керек, бетпердені 3 сағат сайын ауыстыру;
3) жедел респиратор инфекция (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;
4) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункциялы антисептик затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптар беру;
5) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқасын (креслолардың шынтағын), түскі ас залына (асханаға) кіреберістегі қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекция майлықтарымен (немесе дезинфекция құралдарының ерітіндісімен) сүрту жолымен дезинфекция құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау;
6) нысанға іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде бір рет дезинфекция құралдарымен өңдеу;
7) күшейтілген дезинфекция режимін енгізу: әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекция құралдарымен үстелдерді, орындықтарды, эскалатор тұтқасын, баспалдақтарды, есіктерді, лифт пен еденді өңдеу.

4. Қоғамдық тамақтану нысандарындағы шектеулер

Қоғамдық тамақтану нысандарының (кафелер, мейрамханалар, барлар, асханалар және тағы басқалар) жұмыс істеуін шектеу:
1) жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін шектеу;
2) келушілер санын бір уақытта 50 адамнан аспайтын етіп шектеу;
3) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункциялы антисептик затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптар беру;
4) күшейтілген дезинфекция режимін енгізу: сағат сайын арнайы дезинфекция құралдарымен үстелдерді, орындықтарды, эскалатор тұтқасын, сатылар мен есіктерді, лифтіні және әрбір 3 сағат сайын еденді өңдеу;
5) асханаға келушілердің өзіне-өзі қызмет көрсетуіне тыйым салу;
6) жедел респиратор инфекция (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;
7) келушілермен жұмыс істеу кезінде бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану, бетпердені 3 сағат сайын ауыстыру;
8 ) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақтарын), түскі залға (асханаға) кіретін кезде қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекция майлықтарымен (немесе дезинфекция құралдары ерітіндісімен) сүрту арқылы дезинфекция құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау жүргізіледі.;
9) нысанға іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде бір рет дезинфекция құралдарымен өңдеу;
10) сауда және қоғамдық тамақтану нысандарында (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) ауысымына кемінде екі рет ауыстыруға жататын оның ішінде тұтастығы бұзылған жағдайда бірреттік қолғаптармен халыққа қызмет көрсету;
11) мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда және тағы басқа нысандарда үстелдердің арасындағы 2 метр қашықтықты сақтау.

5. Қызмет көрсету нысандарындағы шектеулер

Қызмет көрсету саласы нысандары (сұлулық салондары, ательелер және басқалар) жұмыс істеуін шектеу):
1) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункциялы антисептик затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптар беру;
2) күшейтілген дезинфекция режимін енгізу: әрбір 3 сағат сайын арнайы дезинфекция құралдарымен үстелдерді, орындықтарды, эскалатор тұтқасын, баспалдақтарды, есіктерді, лифт пен еденді өңдеу;
3) өз аумағына бетперде таққандарды ғана кіргізу (бетперде болмаған жағдайда бетпердені тегін беруді қамтамасыз етуге) және келушілерге коронавирустың алдын алу бойынша жадынамалар тарату.