Меншік иесі: «Baribar Media» ЖШС Құрылтайшысы, бас директор: Ербол Серікбай
Бас редактор: Таңшолпан Төлеген
Куәлік нөмірі № KZ55VPY00021155, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетімен берілген
Медицина бетпердесін тақпас бұрын қолды сабынмен мұқият жуу немесе антисептикпен сүрту керек;
Бетперде ауыз бен мұрынды жауып тұруы қажет. Адамның беті мен бетперде арасы ашық болмағаны дұрыс;
Бетпердені қайта-қайта ұстамаған жөн. Оны ұстағаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе антисептикпен сүрту керек;
Бетперденің ішкі жағына қолды тигізбей, сыртынан ұстап шешкен дұрыс. Қолданылған бетпердені жабық қоқыс жәшігіне бірден тастау қажет. Содан кейін қайтадан қолды сабынмен жуу немесе антисептикпен сүрту керек;
Бетперде ылғалданған соң шешіп тастаған жөн. Бірреттік бетпердені екінші рет қолдануға болмайды.
Медицина бетпердесін қандай жағдайда тағу керек?
Сау адам бетпердені COVID-2019 вирусы болуы мүмкін науқасқа күтім жасаған кезде таққаны дұрыс;
Түшкіріп немесе жөтеліп жүрген кезде тағу керек;
Мұндай бетперде қолды антисептикпен сүрткенде немесе сабынмен жуғанда ғана пайдалы;
Медицина бетпердесін тағып жүрсеңіз, оны қалай дұрыс қолдану керек екенін білуіңіз қажет.