Басты бет Жаңалықтар Алматыда коронавирус жұқтырудың тағы екі дерегі расталды

Алматыда коронавирус жұқтырудың тағы екі дерегі расталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы көбейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алматыда тағы екі жағдай тіркелді.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы екі адам Алматыда тіркелді. Осы сағатта Алматыда 17 адам, Нұр-Сұлтанда 18 адам, жалпы 35 науқас тіркелді, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі 18 наурыз, сағат 08.00-дегі эпидемиология ахуалы туралы.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында екі жаңа дерек туралы толығырақ айтты.

Бірінші науқас — 1998 жылы туған студент қыз, ол 15 наурызда Ыстамбұл — Алматы рейсімен ұшып келген. Екінші науқас та — әйел адам, 1974 жылы туған, ол Мәскеу — Алматы рейсімен 10 наурызда ұшып келген. Қазір науқастар стационар карантинінде, жағдайы қанағаттанарлық, — деді Диас Ахметшәріп.

17 наурызда Қазақстанда коронавирус барлығы 33 адамнан анықталғаны хабарланған еді. Ауру жұқтырғандардың көбеюіне байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі жарияланды. Режим 19 наурыз күні 00.00-де күшіне енеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version