Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда коронавирусы бар адамдар саны 33-ке жетті

Қазақстанда коронавирусы бар адамдар саны 33-ке жетті

Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиология ахуалы тағы өзгерді.

Денсаулық сақтау министрлігі ауру жұқтырғандар қатары 33-ке жеткенін хабарлады.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам Нұр-Сұлтанда тіркелді. 19.00-де Алматыда 15 адам, Нұр-Сұлтан бойынша 18 адам, жалпы 33 науқас тіркелді, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстанда коронавирус инфекциясы 13 наурыздан бері анықтала бастады. Қауіпті вирус жұқтырғаны расталған азаматтардың дені — шетелден келгендер немесе олармен қарым-қатынаста болғандар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version