Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын тағы бес адам жұқтырғанын хабарлады.
Алматыда төрт науқас, Нұр-Сұлтанда бір адам тіркелді. Осы сағатта Алматыда 15 адам, Нұр-Сұлтан бойынша 17 адам, жалпы 32 науқас тіркелді, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда науқастар саны 27 адам болған еді.