Басты бетЖаңалықтарАсхат Шахаров...

Асхат Шахаров Ақтөбе әкімі болып тағайындалды

Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 наурызда ҚР Президенті Әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен қала басшылығы қызметіне Асхат Шахаров тағайындалды.

Жаңа әкімді қала активіне облыс басшысы Оңдасын Оразалин таныстырды.

Асхат Шахаров 1978 жылы РФ Орынбор облысында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын дене тәрбиелеу мәдениетінің оқытушысы спорт жаттықтырушысы, 2002 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін халықаралық деңгейдегі экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің спорттық пәндер кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

Әр жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, Ақтөбе облыстық Олимпиада резервін даярлау орталығының директоры болып қызмет еткен. 2013 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының әкімі, 2017-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімінің қызметін атқарды.

Асхат Шахаров — самбодан үш дүркін әлем чемпионы.

Ақтөбені бұған дейін басқарған Мавр Абдуллин басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатылды. Оған облыс әкімі атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.