Басты бет Жаңалықтар Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тоғызға жетті.

Фото: Vedomosti.ru

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы бір адам белгілі болды. Алматыда 12 жастағы қыздан COVID-2019 вирусы табылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

Коронавирус індетін жұқтырған науқастардың саны тоғызға жетті. Алматы бойынша Германиядан ұшып келген 2008 жылғы қыз бала. Қазір Алматы бойынша жеті науқас, Нұр-Сұлтан бойынша екі адам, барлығы тоғыз адам, — деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны сегізге жеткенін хабарланған едік.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version