Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны сегізге жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны сегізге жетті

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирустың екі жаңа жағдайы анықталғанын айтты.

Елжан Біртанов. Фото: Еxpress-k.kz

Бірінші науқас — әйел адам. Бұған дейін оның күйеуінен коронавирус инфекциясы табылған.

Елжан Біртановтың айтуынша, қазір бұл отбасымен жақын қарым-қатынаста болған барлық адам оқшауланды.

Екінші науқас — ер адам, ол кеше Сеулден Алматыға ұшып келген.

Онымен бірге 130 жолаушы ұшып келген. Оның ішінде трансфермен ұшып кеткендер бар, қалған жолаушылар түгел, 100% инфекция ауруханасына, карантин стационарына жатқызылды. Қалаға ешкім кірген жоқ,  — деді Елжан Біртанов.

Қазіргі жағдайда Қазақстанда коронавирус инфекциясы барлығы 8 науқастан табылып отыр. Олар арнайы инфекция ауруханасында жатыр, науқастармен жақын қарым-қатынастағы адамдар да карантинге жатқызылды.

Қазір Қазақстанда 1400-ден астам адам стационар карантинінде, 500-ге жуық адам үй карантинінде.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version