Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның коронавирус...

Қазақстанның коронавирус жұқтырған бір азаматы Германияда

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Германияда, Берлинде Қазақстанның бір азаматы бар, оған «коронавирус инфекциясы» деген алдын ала диагноз қойылды. Өкінішке қарай, бүгінге қолымызда бар ақпарат — осы ғана. Ол адаммен байланыста болған 12 адам Қазақстанға келді, олар елге келген бойда карантинге жатқызылды. Коронавирус анықталған азамат Германияда қалды… Қазіргі кезде бізде Германияда ауырып қалған бір адам мен Қазақстанда анықталған үш адам туралы ақпарат қана бар. Бұлардың бәрі — Қазақстан азаматтары, — деді Денсаулық сақтау министрі Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған Тengrinews.kz-тің мәліметінше, Германияда коронавирус жұқтырған азамат — Қазақстан дипломаттарының бірінің әкесі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Германиядан келген екі азаматтан және Нұр-Сұлтанда Италиядан келген бір адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны хабарланған еді.