Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда тағы...

Қазақстанда тағы бір азамат коронавирус жұқтырған

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.

Тағы бір науқас анықталды, үшінші жағдай деп айтуға болады. Зертхана анализі бойынша Италиядан келген азаматтың нәтижесі оң болып шықты. Ол 12 наурызда Миланнан Нұр-Сұлтанға келді, әуежайда бірден карантинге жатқызылды. Қабылданған алгоритм бойынша барлық қажет шаралар қолға алынды, — деді Елжан Біртанов.

Министрдің мәліметінше, COVID-19 әйел адамнан анықталған. Онымен бірге Нұр-Сұлтанға 90 жолаушы ұшып келген. Қазір пациент астанада емделіп жатыр.

Бұған дейін Елжан Біртанов Қазақстанның Германиядан келген екі азаматынан коронавирус табылғанын хабарлаған еді. Олар Алматыда стационарға жатқызылып, оқшауланды.

Тақырып / Тема: «Коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай» / «Текущая ситуация по коронавирусной инфекции.»Спикерлер / Спикеры: ҚР Денсаулық сақтау министрі — Біртанов Елжан Амантайұлы / Министр здравоохранения РК Биртанов Елжан АмантаевичМодератор: Маржан Бахтиярқызы. Назар аударыңыз! Берілген тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, осы жерде қалдыруыңызға болады. Өңірлік Коммуникациялар ҚызметіРегиональная служба коммуникаций — Атырауская областьМаңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы"Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметіРск Костанайской ОбластиӨңірлік Коммуникациялар ҚызметіРегиональная Служба Коммуникаций СКОКГУ "Региональная служба коммуникаций" Акмолинской областиРСК Карагандинская областьТүркістан Өңірлік Коммуникация ҚызметіРегиональная служба коммуникаций Павлодарской областиРСК ВКОРегиональная служба коммуникаций города АлматыЖамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Опубликовано Служба центральных коммуникаций Пятница, 13 марта 2020 г.