Болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында коронавирус біздің елімізде пайда болуы мүмкін. Бірақ бұл — болжам ғана. Бір апта кейін де келуі мүмкін, — деді Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясы келген кезде Қазақстанда бірден арнайы шаралар қолға алынады.
Журналистердің бұл болжам туралы нақтылауды өтінген сауалына Бас мемлекеттік санитар ол ғалымдардың математикалық модельдеуі бойынша жасалғанын айтты.
Жандарбек Бекшиннің пікірінше, Қазақстан Қытайда коронавирус инфекциясы тараған сәттен бастап қауіпсіздік шараларын күшейтті. Бұлай болмаған жағдайда инфекция еліміздің аумағына Еуропа мемлекеттерінен бұрын енуі әбден мүмкін еді. Брифингіге қатысқан Қазақстанның жетекші инфекционисі Динагүл Баешеваның айтуынша, «Қазақстанға коронавирус жақын арада келеді» деген болжаммен сақтық шараларын күшейту эпидемиология ахуалын жақсартуда үлкен нәтиже береді. Қазірдің өзінде елімізде басқа жұқпалы аурулар көрсеткіші азайған.