Басты бет Жаңалықтар Коронавирус инфекциясы дүниежүзінің 100-ден астам еліне тарады

Коронавирус инфекциясы дүниежүзінің 100-ден астам еліне тарады

Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 80 754 адамға жетті, оның 3 136-сы қайтыс болды. Пациенттердің 60 мыңға жуығы аурудан айықты. 

Фото: Pulmonologyadvisor.com

Қытай Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасаған «РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, қазір елдің 31 провинциясында 17 721 адам емделіп жатыр.

Кейінгі бір тәулікте Қытайда коронавирус инфекциясын 19 адам жұқтырған, осы уақыт ішінде 1 297 адам аурудан айығып шықты, бір тәулікте қайтыс болғандар саны — 17 (бәрі Хубэй провинциясынан). Елде тағы 36 адам коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен тексеріліп жатыр.

О баста індет тараған Уханьнің өзінде 3 күннен бері тек сырттан келген азаматтардан ғана коронавирус анықталған.

Дүниежүзі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 113 мыңнан асты. 3 800 адам аурудан қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қауіпті вирус 104 мемлекет аумағынан анықталды.

Коронавирустың таралуы жөнінен күрделі ахуал Қытайдан кейін Оңтүстік Кореяда (7 513 адам), Италияда (7 375 адам), Иранда (6 566 адам) және Францияда (1 116 адам) қалыптасып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version