Мысалы, сізге эндокринолог, уролог немесе невропатологтың кеңесі қажет дейік. Кез келген бейінді маманнан консультация алу үшін алдымен жалпы практика дәрігері жолдама береді. Сала маманының қабылдауына келгенде нақты не мазалайтынын баяндайсыз, көрсеткіштеріңіз болған жағдайда дәрігер МРТ, КТ, ИФА, ПЦР сияқты қымбат диагностика зерттеулеріне және  гормондарға анализ тапсыруға жолдама береді. Егер емханада бұл қызмет көрсетілмесе, онда дәрігер сізді басқа медицина ұйымына жібереді.

Емханаға жылына бір рет  тұрақты немесе уақытша тұратын жеріңіз, жұмыс, оқу орныңыз бойынша  медициналық ұйымға тіркеле аласыз. Емхананы тек тіркеу науқаны аясында  15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында немесе  тұратын жерін, жұмыс, оқу орнын өзгерткенде ауыстыруға болады. Ол үшін бас дәрігердің атына жазбаша өтініш жазу қажет.

МӘМС жүйесі аясында қандай зерттеулер ақысыз?

Молекулалық биология және генетикалық зерттеу  —  ПТР әдісімен C, A, E, D, G гепатиті вирусын, иммун тапшылығы вирусын (АИТВ), қызылша вирусын, папиллома вирусын, орфандық ауруларды және перифериялық қан жасушаларын, амниотикалық сұйықтықты, сүйек кемігін анықтауға болады.

Ал иммунологияға  гастрин, тироксин (T4), трийодтиронин (T3), серотонин, соматотропты гормон (СТГ), қан құрамындағы С-пептидін анықтау кіреді. Бұған қоса, микробиологиялық,  биохимиялық, токсикологиялық, гистопатологиялық зерттеулер бар. Цитологияда операциялық және биопсиялық материалдар  жедел зерттеледі. Коагулология, лейкоформулаларды, лейкоциттерді, ретикулоциттерді, тромбоциттерді, эритроциттерді, миелограммаларды есептеу және жалпы клиникалық әдістер – аддис-каковс және амбурж бойынша несеп тұнбасына анализ жасауға болады. Сонымен қатар  диагностикалық зерттеу, функционал диагностика, рентген диагностика, сәулелік диагностика және терапия, радиоизотопты  диагностика, ангиографикалық тексеру, компьютер томографиясы (КТ), магниторезонансты томография (МРТ), позитронно-эмиссион томографиядан (ПЭТ)  да тегін өтуге болады.

Ал МӘМС пакетіне кіретін гормондарға анализ тапсыру үшін эндокринолог маманнан  жолдама алу қажет.

ТМККК бойынша қандай анализдер мен тексерулерден тегін өтуге болады?

Профилактика мақсатында пациент емханаға өзі келіп қаралады немесе анализ тапсыру үшін белгілі бір себеп болуы керек. Мәселен, есту және көру қабілетін тексеру, көздің ішіндегі қысымды тексеру, иммунохимия зерттеуі (гемокульт-тест немесе колоректал обырды экспресс-әдіспен ерте диагностикалау),  биохимиялық зерттеулер: холестерин, триглицеридтер, қан глюкозасы.

Пациент профилактика мақсатында жүгінген кезде жылына бір рет қаралады.  15 жастан бастап флюорография, лейкоформуламен қанның жалпы анализі, гемоглобин, эритроциттер, түс көрсеткіші, лейкоциттер, соэ  тромбоциттер, ақуыз бен глюкозаны анықтау үшін  несептің жалпы анализі, микрореакция, копрограмма, қынап жағындысының микроскопиясы және санация жасалады.

Ал көрсеткіштер бойынша қанның  ұю уақыты, безгек плазмодиясы үшін қаннан анализ, несептегі өт пигменттері, туберкулезді анықтау үшін қақырық алу,  микробиологиялық зерттеулерге материал алу, биохимиялық зерттеулер: алат, асат (бауыр сынамалары), жалпы билирубин, креатинин кіреді.

Алдын алу мақсатында жүгінген кезде жылына екі рет, қалған жағдайларда айғақтар бойынша қаралады: электрокардиограмма, АИТВ инфекциясына және пациенттің  өтініші бойынша анонимді вассерман реакциясына (RW) қан алу.

Жоғарыда аталған зерттеулер мен анализдерге медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар бір тиын да төлемейді, тегін өтеді. Егер осы тексерулер үшін қандай да бір медицина ұйымы ақша сұраса, пациент МӘМС қорына немесе «1406» нөмірі бойынша байланыс орталығына шағымдана алады.

Медициналық сақтандыру, инфографика
Инфографика: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры