Қаржы маманының айтуынша, кез келген адам жалпы кірісін дұрыс бөлетін болса, қаражатын барлық керек-жарағына жеткізе алады. Ол үшін әр адам немесе отбасы мүшелері мынадай қарапайым әдісті қолдануы қажет:

  1. Табыстың 55%-ін негізгі шығынға жұмсау. Мысалы, пәтер ақысы, коммунал қызметтер, азық-түлік, киім-кешек және тағы басқа.
  2. Табыстың 10%-ін көңіл көтеруге жұмсау: демалыс, кино, мейрамхана, тағы басқа.
  3. Табыстың тағы бір 10%-ін жинаққа айналдыру. Бұл — қаржылай тәуелсіздіктің негізгі кілті. Ақша инвестиция үшін қолданылуы керек немесе оны депозитке салуға болады. Кейін жинақталған ақшаны пассив кіріс көзіне айналдыру қажет. Пассив кіріс — пәтерді жалға беру, инвестиция салу, YouTube арқылы ақша табу.
  4. Табыстың 10%-і білім алуға: оқу ақысын төлеуге немесе қосымша курстарға жұмсау керек. Өзіңізді дамытып отыру өміріңіздің өзгермейтін қағидасы болуы қажет.
  5. 10% — резерв қор. Бұл бөлік қымбат зат сатып алуға немесе күтпеген оқиғаларға арналуға тиіс. Мысалы, сіз көптен бері көлік сатып алуды армандап жүрген шығарсыз.
  6. 5% — сыйлықтар немесе қайырымдылық. Жалпы кірісіңіздің осы бөлігін жақындарыңызды қуантуға немесе мұқтаж жандарға көмек қолын созуға қолданғаныңыз абзал.

Процент көлемін әрқашан өзгертуге болады. Оны әр адам өзінің шығынына қарай бөліп қарастырады, — дейді қаржыгер.

Оның айтуынша, бұл әдістің мақсаты адамға көп нәрсені шектеу емес, отбасы қаржысын, әсіресе шығынды бақылау.

Бір конверттегі ақшаны басқа зат алуға жұмсамаңыз. Мысалы, оқуыңызды төлеуге арналған ақша қыдыруға немесе азық-түлікке кетпегені дұрыс, — дейді маман.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!