Басты бет Жаңалықтар Коронавирус қаупі «ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінің іссапарын шектеді

Коронавирус қаупі «ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінің іссапарын шектеді

Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алик Айдарбаев. Фото: Akorda.kz

Ақорда сайтының хабарлауынша, Алик Айдарбаев Мемлекет басшысына ұлттық мұнай-газ компаниясының 2019 жылғы жұмыс қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған даму жоспары, компанияның қатысуымен жүзеге асырылып жатқан ірі инвестиция жобалары және әлемде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қабылданған шаралар туралы мәлімет берді.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы қызметкерлердің шетелге іссапарға баруына шектеу қойып, өндіріс орындары мен кеңселерде сақтық шарасын күшейткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев вирустың өндіріс үдерісіне және инвестиция жобаларының жүзеге асырылуына кері әсерін азайтуды тапсырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version