Ақорда сайтының хабарлауынша, Алик Айдарбаев Мемлекет басшысына ұлттық мұнай-газ компаниясының 2019 жылғы жұмыс қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған даму жоспары, компанияның қатысуымен жүзеге асырылып жатқан ірі инвестиция жобалары және әлемде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қабылданған шаралар туралы мәлімет берді.
«ҚазМұнайГаз» компаниясы қызметкерлердің шетелге іссапарға баруына шектеу қойып, өндіріс орындары мен кеңселерде сақтық шарасын күшейткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев вирустың өндіріс үдерісіне және инвестиция жобаларының жүзеге асырылуына кері әсерін азайтуды тапсырды.