Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәуліктерде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында Арктика фронтының әсерінен қар жауады. Ал республиканың солтүстік және батыс облыстарына жылжыған суық және кең антициклон қалған аумақтарға тез тарайды.
Сондықтан 8 наурыз мерекесі күні Қазақстанда салқын, бірақ ала бұлтты және жауын-шашынсыз болады. Дүйсенбі күні батыс облыстарға Қара теңізден жылы ауа массасы келіп, Қазақстанның қалған аумағындағы суықты тез ығыстырады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.