«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, өтіп бара жатқан циклон әсерінен республиканың қалған аумағында қар жауады, оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді, оңтүстікте көктайғақ болады, шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Қызылорда облысында кей жерде шаңды дауыл тұрады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерде тұман түседі. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-25 метрге дейін күшейеді. Түркістан, Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Атырау облысында шаңды дауыл тұрады. Қарағанды облысында кей жерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, екпіні секундына 18 метрге жететін жел соғады. Павлодар облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.