«Қазгидрометтің» мәліметінше, республиканың кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, республиканың шығысы мен солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, Шығыс Қазақстан облысында кей жерде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерінде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан облысында кей жерде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі. Ақтөбе облысында кей жерде көктайғақ болады.