Республиканың кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады.
«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерде тұман түседі, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 25 метрге жетеді. Түркістан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.