Қолма-қол ақшасыз төлем қай өңірлерде жақсы дамып келеді?

2020 жылдың қаңтарында Қазақстан аумағында карточкамен жасалған төлем көлемі 1 586,9 миллиард теңге болған. Бұл былтырғы қаңтармен салыстырғанда 2,7 есе көп, 2019 жылдың желтоқсанына қарағанда 17% аз, қаржыгерлер қауымдастығы бұған Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы демалыс әсер еткен болуы мүмкін деп отыр.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша ҚР аумағында карточкалар бойынша жасалған төлемнің жалпы көлеміндегі Алматының үлесі өзгерген жоқ — 35%. Одан кейін Нұр-Сұлтан тұр — 17% (-1%), Түркістан облысы мен Шымкент үшінші орында: 7% (+1%).

Қолма-қол ақшасыз төлем

Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлем көлемінің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алуға қатынасы қаңтарда 123%-тен 139%-ке дейін өсті, бұл қолма-қол ақшасыз төлемнің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алудан басым болуының тұрақты үрдісі екенін көрсетеді. Еске сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында бұл көрсеткіш 48% болды. Бұл жағдайда операциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз транзакция үлесі (қолма-қол ақшасыз төлем және банкоматтардан алу) 55%-тен 58%-ке дейін өсті.

Қолма-қол ақшасыз төлем

2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда қолма-қол ақшасыз төлем көлемі барлық өңірде төмендеді. Алайда мұндай төлем түрі жылдық есепке қарағанда айтарлықтай өскен. Ең үлкен өсім Қызылорда облысында, Түркістан облысында, Шымкентте және Ақтөбе облысында байқалады.

Қолма-қол ақшасыз төлем

Карточканы пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз төлем бойынша «орташа чек» қазіргі кезде — 11 553 теңге (2019 жылғы қаңтарда 9 916 теңге), ал банкоматтан алу сомасының орташа мөлшері осы мөлшерден шамамен 4 есе асып, 45 366 теңге (45 744) болды.

Қолма-қол ақшасыз төлем

ҚР аумағында қаңтар айында жасалған қолма-қол ақшасыз карточка төлемі көлемінің 74%-і интернетке, ал 25%-і POS-терминалға тиесілі. Бұл ретте кейінгі 12 айда Қазақстанда карточкалар бойынша транзакцияның жалпы көлемінде POS-терминалдың үлесі 20% төмендеді.

Қолма-қол ақшасыз төлем

2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша төлем карточкаларын эмиссиялауды іс жүзінде 22 банк пен «Қазпошта» АҚ жүзеге асырды. Банктердің айналымдағы карточкаларының саны 33,9 миллион данаға жеткен. 2020 жылдың қаңтарында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдаланып жүргізген транзакцияларының көлемі 2 786,6 миллиард теңге болған (2019 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 44,4% көбейген).

Қаазақстан аумағындағы қолма-қол ақшасыз операциялардың көбі интернет (44,7%) немесе мобайл банкинг (74,3%) және POS-терминал (24,7%) арқылы жүргізілген. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жүзеге асырылған.