Президент Білім және ғылым министріне тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім берудің сапасын одан әрі арттыруға, қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының деңгейін сәйкестендіруге баса мән берді. Сонымен қатар балаларға қосымша білім беру шараларын көбейту, мектептерде тәрбие жұмысын белсенді жүргізу, облыс әкімдерімен бірге құлағалы тұрған және үш ауысымдағы мектептердің проблемасын шешу, білім беру ошақтарында күрделі жөндеуді уақтылы жүргізу маңызды екенін айтты.

Президент ғылым саласын қаржыландыру мен басқару жүйесін жаңғыртуды, ғылымға бөлінетін қаржы көлемін көбейтуді, ғылыми кадрларды дайындаудың тиімділігін арттыруды да тапсырды.