Басты бетЖаңалықтарТолассыз жаңбыр...

Толассыз жаңбыр мен күшті жел: өңірлерде ескерту жарияланды

27 ақпанда Түркістан облысының кей жерінде жаңбыр толассыз жауады, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді, тұман түседі, көктайғақ болады.

Шымкентте де толассыз жаңбыр жауады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ болады, тұман түседі, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан тұман түседі, оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Маңғыстау облысында кей жерде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан екпіні 17-22 метрге жететін жел соғады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр толассыз жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады. Кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғады.

Нұр-Сұлтанда да тәулік бойы жаңбыр жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Атырау облысының кей жерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасының жоғарылауы мен жауын-шашын салдарынан өзен-көл суының деңгейі көтеріледі.