26 ақпандағы ауа райы: қай өңірлерде күн жауын-шашынды болады?

Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын түседі. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында қолайсыз ауа райы жөнінде ескерту берілді. 

қолшатыр жаңбыр қар
Иллюстрация: Dribbble.com/©Parallel Studio

“Қазгидромет” мамандарының хабарлауынша, 26 ақпанда Жамбыл облысында кей жерде оңтүстік-батыстан және батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.