Ақпанның 25-інде өңірлерде ауа райы қандай болады?

Батыс пен солтүстікте жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысында кей жерде тұман түседі, Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі.