23 ақпан күні сағат 02.30-да Нұр-Сұлтанға Токиодан Қазақстанның барлығы 20 азаматы келді. Арасында Diamond Princess лайнерінде болған төртеу де бар.
Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Емдеуге жатқызылғандардың бәрінің сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты полимераз тізбекті реакциямен диагностикалау әдістемесін игерген, — деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, 6 қаңтардан 23 ақпанға дейін елге 30 066 адам келген. Мониторингіге барлығы 24 464 адам алынды, қазір кейінгі 14 күнде келген 212 адам медициналық бақылауда қалып отыр, ауруханаға 78 адам жатқызылған.
Бүгінге дейін вирустық инфекция белгісімен Қытайдан келген 165 адам оқшауланып, емдеуге жатқызылды, оның-і 158-і стационардан шығарылды.
Круиз лайнеріндегі Қазақстанның екі азаматы коронавирустан аман