Дүйсенбіде қай өңірлерде қар мен жаңбыр жауады?

Республиканың батысы, оңтүстігі мен шығысына атмосфера фронттары әсер етіп, бұл өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жел күшейіп, бұрқасын соғады.

Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұрқасын соғады. Ақтөбе облысында да кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 18 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерде тұман түседі, бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі. Ақмола облысында және Нұр-Сұлтанда тұманға байланысты ескерту жарияланды.