Бесінші халықаралық турнирде ерлер арасындағы 105 келіге дейін салмақта бақ сынаған Илья Ильин 2 мәрте әлем рекордын жаңартып, жеңімпаз атанған болатын. Тағы бір спортшымыз Александр Зайчиков күміс медаль иеленген еді.

Жеңімпаздарды ұлықтау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұраны тағы да ойналды. Бастапқыда жеңіс тұғырында тұрған Александр мен Илья түсінбей қалып, бір-біріне қарады. Осыдан кейін Илья жарысты ұйымдастырушылар мен марапаттауға шыққан азаматтарға бұл ескі әнұран екенін айтты. Осылайша Ильяның табандылығының арқасында 2-3 минуттық үзілістен кейін еліміздің жаңа әнұраны шырқалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Илья алғашқы жұлқа көтеру сайысында 191 келіні бағындырып, бірінші орынға табан тіреген болатын. Ал екінші жаттығуда ол алғашқы мүмкіншілігінде-ақ қарсыластарынан оқ бойы озық болып, 231 келіні бағындырды. Осыдан кейін алтын медаль Ильяның қанжығасын майлаған еді. Бірақ ол тәуекелге барып бірден 246 келіге тапсырыс берді және оны еркін еңсерді.

Дереккөзnur.kz

3 пікір

  1. Түсіп кетіп қалса да болатын еді. Бірақ кетіп қалмай, қайта қойдырғанына қалай айналмайсың?

  2. Бұл жеңісімді Қазақстанның тәуелсіздігіне арнаймын деп айтқан сөзі қандай еді? Сырты сары бала болғанымен, жан тәнімен нағыз ҚАЗАҚ жігіті. Түсіп кете берсе де болатын еді. Бірақ кетіп қалмай, қайта қойдырғанын көріп қуанғаным-айй….

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!