Президент әскери барлау жүйесін одан әрі жетілдіруді тапсырды

Бас барлау басқармасы қызметкерлері Мемлекет басшысына әлемнің тынышсыз аймақтарындағы қауіп-қатер жайында баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әскери барлау жұмысына оң баға беріп, халықаралық ахуал шиеленіскен жағдайда оның ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы ролі арта түсетінін айтты.

Жоғарғы Бас қолбасшы әскери барлау жүйесін одан әрі жетілдіре беруді тапсырып, әскери қызметшілердің еңбегіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚК Бас барлау басқармасында
Фото: Аkorda.kz