Қазақстанда электр энергиясының бағасы 5% өсті

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, 2020 жылдан бастап электр энергиясының бағасы 4,95% өсті. Бұған Энергетика министрлігінің шекті тарифті көтеруі себеп болды.

2020 жылдың қаңтарында тариф 2019 жылдың желтоқсанына қарағанда 1% өсті. Бұған Алматыда бағаның 4,6%, Шымкентте 5,3% көтерілуі әсер етті.

Электр энергиясы тарифі

Электр энергиясы төлемі тұтынушылардың электр плитаны қолдану-қолданбауына қарай бір айда 0,5-0,6% өсіп отыр. Электр плитаны қолданбайтын тұрғындар үшін 1-деңгейлі тариф 100 киловатт-сағатқа 1 146 теңге (0,5%), электр плитаны қолданатындар үшін 1 129 теңге болды.

2 және 3-деңгейлі тариф бір айда 0,6% жоғарылады: 2-деңгейлі тариф электр плитаны қолданбайтындар үшін 100 киловатт-сағатқа 1482 және 1 828 теңге, электр плитаны қолданатындар үшін 1 483 және 1 829 теңге.

Электр энергиясы тарифі