Өңірлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте боран соғады.
«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамы бойынша Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерде боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда, Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады. Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі.