Енді Қазақстан азаматтарына уақытша жеке куәлік берілмейді

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың 25 қарашасында қабылданған ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы бойынша азаматтарға уақытша жеке куәлік беру туралы норма мен шекарадан өтерде 16 жасқа дейінгі балалардың фотосуретін ата-анасының төлқұжатына жапсыру және олар туралы жазба енгізу рәсімі алып тасталды.

Енді уақытша жеке куәлік болмайды, яғни бұрын адам жеке куәлігін жоғалтса, оған уақытша куәлік берілетін. Бұдан былай ҚР азаматы стандарт жеке куәлік алады. Бұл құжат айналымы өндірісін жеңілдетеді, ең әуелі Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін оңайлатады, — дейді Алматы полиция департаменті көші-қон басқармасының басшысы Асхат Бүтіншінов.