2019 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда жұмыс істейтін азаматтардың саны 8,8 миллион болды, көрсеткіш бір жылда 0,7% артқан. 2018 жылдың төртінші тоқсанында халықтың еңбекпен қамтылған бөлігі 8,7 миллион адам болып, бір жылда 2% артқан еді.

Finprom.kz зерттеушілерінің мәліметіне қарағанда жұмыспен қамтылғандар санының артуы жөнінен республика бойынша Нұр-Сұлтан (9,2%), Атырау облысы (4,1%) және Алматы (2,9%) алда.

Азаматтар негізінен сауда-саттық пен көлік жөндеу (1,4 миллион адам немесе жұмысқа тұрғандардың 16,3%-і), ауыл, орман және балық шаруашылығы (1,2 миллион адам немесе 13,4%) және білім беру (1,1 миллион адам немесе жұмысқа тұрғандардың 12,7%-і) салаларында жұмысқа орналасқан. 1,1 миллион адам жұмыс тапқан өнеркәсіп пен 642 мыңнан астам тартылған құрылыс салалары да бестікке еніп отыр.

Жұмыспен қамту

Ал жұмыссыздар саны 441,4 мың адам болды, көрсеткіш 2018 жылдың соңғы тоқсанына қарағанда 0,1% азайған. Жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз — 4,8%.

Электрон еңбек биржасындағы резюме мен вакансия санының арақатынасы бойынша еңбек нарығында күзетшілер, қазандық операторлары, патрульдеу инспекторлары, медбикелер мен мейіргерлер және тәрбиешілер тапшы. Ал өндірістен сұраныс бола бермейтіндіктен заңгерлерге, жалдамалы жұмысқа қабылдау жөніндегі мамандарға  (HR), экономистерге, малшылар мен қаржыгерлерге жұмыс табу қиын.

Жұмыссыздық

Жұмыссыздар саны республика бойынша Алматыда ең көп тіркелген — 49,9 мың адам, бір жылда 0,8% артқан. Алматы облысында 48,2 мың адам, Түркістан облысында 42,1 мың адам.

Жұмыссыздық

Жұмыссыздық деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Түркістан облысында, Алматыда және Шымкентте байқалып отыр — 5,1%.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!