Қасым-Жомарт Тоқаев арандатуды қатаң тыюды тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомстволардың және құқық қорғау органдары басшыларымен өткен жиында Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты алдын алу және ақпараттық жұмыс жөніндегі мәселелер қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін кешенді шараларды қолға алуды тапсырды.

Қазақстан Президенті жалған ақпарат тарату және арандату сипатындағы кез келген әрекетті қатаң тыйып, ақпарат кеңістігіндегі жұмысты күшейтуді талап етті, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 7 ақпан күні Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік болды. Соңғы мәлімет бойынша оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты, 180-нен астам адам зардап шекті.

Қордай ауданында бір адамның мәйіті табылды