Басты бет Жаңалықтар 13 ақпандағы ауа райы: қар, бұрқасын, күшті жел

13 ақпандағы ауа райы: қар, бұрқасын, күшті жел

Синоптиктердің болжамы бойынша ақпанның 13-інде еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-батысы мен батысында қар аралас жаңбыр жауады, орталық, шығыс, солтүстік және солтүстік-батыста қар жауады. Кей жерде көктайғақ болады, тұман түседі, бұрқасын соғады, жел күшейеді. 

Фото: News.trust.org

Жамбыл облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метрден асады.

Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, көктайғақ болады, тұман түседі.

Қарағанды облысында кей жерде бұрқасын соғады, тұман түседі, жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Павлодар облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түркістан, Алматы облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге, Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында 18-23 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерінде тұман түседі, жел екпіні Қостанай облысында секундына 18 метрге, Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Ақтөбе облысында кей жерде тұман түседі.

Алдағы 3 тәулікте елдің көп өңірінде ауа райы қолайсыз болады

https://www.youtube.com/watch?v=bKArXHuxrEA

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version