Басты бет Жаңалықтар Алдағы 3 тәулікте елдің көп өңірінде ауа райы қолайсыз болады

Алдағы 3 тәулікте елдің көп өңірінде ауа райы қолайсыз болады

"Қазгидромет" мамандары ақпанның 13-15-і күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Фото: Beztabu.net

Синоптиктердің болжамына қарағанда алдағы 3 тәулікте Қазақстанның көп бөлігінде күн райы бұзылады.

Ресейдің Еуропа бөлігінен атмосфера фронттары келіп, республиканың солтүстігінде қардың жаууына, жолдағы көріністі нашарлатып, күртік қар туғызатын боран мен батыстан күшті жел соғуына себеп болады. Оңтүстік және шығыс облыстарға Орталық Азия аймағынан оңтүстік циклон ауып, жауын-шашын, тұман түседі, көктайғақ болады, республиканың шығысында қар жауып, боран соғады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Соған қарамастан ауа температурасы орташа көпжылдық шамадан 2-5 градус жоғары, ал батыста нормаға жуық болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version