Finprom.kz сарапшыларының зерттеуіне қарағанда орташа айлық жалақы мөлшері Атырау, Маңғыстау облыстарында және Нұр-Сұлтан мен Алматыда ғана орташа республикалық деңгейден жоғары.

Атырау облысындағы орташа айлық жалақы мөлшері – 345,2 мың теңге (2018 жылғыдан 75% көп, инфляцияны ескергенде нақты өсім – 1,6%);

Маңғыстау облысында 309,1 мың теңге (10,9% өскен, нақты өсім – 4,7%);

Нұр-Сұлтанда 308,1 мың теңге (15,1% өскен, нақты өсім – 8,9%);

Алматыда 248,7 мың теңге (12,4% өскен, нақты өсім – 6,9%).

Инфляцияны ескергендегі жалақының нақты өсімінің артуы бойынша Батыс Қазақстан облысы (18,5%), Шымкент (17,3%) және Алматы облысы (16,4%) алда.

Орташа айлық жалақы мөлшері ең төмен өңірлер – Түркістан (138,1 мың теңге) және Жамбыл (140 мың теңге) облыстары.

Жалақы

Ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру саласында – 402,5 мың теңге, бір жылда 10,4% өскен, сатып алу қабілетінің нақты өсімі – 4,7%.

Ғылым-техника (373,4 мың теңге, 12,3%, нақты өсім – 6,5%) және өнеркәсіп (280 мың теңге, 9,7%, нақты өсім – 4,1%) секторлары да айлығы жоғары салалардың үштігіне еніп отыр, бірақ өнеркәсіптің ішінде жоғары жалақы – 428,3 мың теңгені тау-кен жұмысшылары ғана алады. Өңдеу сегментінде айлық айтарлықтай аз – 234,4 мың теңге, электрмен қамту сферасында ең жоғары жалақы – 191,6 мың теңге, сумен қамту саласында 132,7 мың теңге.

Ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне тиесілі: 127,3 мың теңге, бір жылда 15,6%, нақты өсім – 9,7%. Білім беру және денсаулық сақтау салаларында да жалақы 150 мың теңгеге жетпейді.

Орташа айлық атаулы жалақы дегеніміз орташа статистикалық тұрғынның қолына алатын айлығы емес, ол – барлық жалақы түрі арасындағы орташа көрсеткіш. Медиана жалақы – бір елдегі жұмысшылардың қолына алатын жалақысының орташа көрсеткіші. 2018 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша бұл жалақы көрсеткіші Қазақстанда 106,3 мың теңге, ал орташа айлық жалақы мөлшері сол кезде 162,7 мың теңге болды. Орташа айлық жалақы мен медиана арасындағы айырма 34,7% болды, 2015 жылы ол 45,8% болған.

Модаль жалақы деген бар, ол – қаралған кезеңде жалақының жиі төленген мөлшері. 2018 жылы бұл көрсеткіш 80 мың теңге болды.

2019-2020 жылдары Қазақстанда ең төменгі жалақы 42 500 теңге болды. 2018 жылы оның мөлшері 28 300 теңге болған еді.