Масанчи ауылы
Масанчи ауылы. Фото: Дулат Есназаров

5 ақпанда жолда жанжал шыққан. Автокөлік мінген үшеу жолмен келе жатқан, үлкен жүк көлігін мінген тағы үш адам үйінен шығып, әлгілердің жолына тұрған. Жанжалдың мәні: кім кімге жол бермеді дегенді анықтау. Салдарынан әдеттегідей ұрысу төбелеске ұласқан, — деді Алексей Калайчиди.

Вице-министрдің айтуынша, бұдан соң әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде тараған хабарламалар жаппай тәртіпсіздікке себеп болды.

Өшпенді хабар тура 7 ақпанда тарай бастады. 6 ақпанда таралса, адамдар сол күні шығар еді. Арандату 7-сі күні басталды. Біз заңда қаралған шараны қолға алдық. Жанжалға қатысқандарды ұстадық. Қылмыстық іс қозғадық. Ұстау керек адамды ұстадық. Жағдай ушыққан кезде көрші аудандардан қызметкерлер жете бастады, — деді Алексей Калайчиди.

Оның айтуынша, қазір полиция арандату сипатындағы ақпарат таратушыларды анықтап жатыр.

Осы жағдайды пайдаланып, әлеуметтік желіде тексерілген ақпаратты ғана тарату керек екенін айтқым келеді. Арандату мәні бар хабарлама бірден тарап кетпеді, жастардың кейбір бөлігі соған беріліп, таралуына үлес қосты. Ақпараттың рас-өтірігін анықтамай жатып, оны одан әрі тарата түскен, — деді вице-министр.

Алексей Калайчидидің айтуынша, қазіргі кезде Масанчи ауылындағы оқиға туралы ең алғаш теріс ақпарат таратқан арандатушының кім екені анықталды.

Біз хабарлама таратқан арандатушыны анықтадық. Ең қорқыныштысы — ол хабарын жаман комментариймен таратқан. Осы жайт жастардың өре түрегелуіне себеп болды, — деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Қазір тәртіпсіздікке қатысқандардың әрқайсынан жауап алынып жатыр.

Жанжал бірнеше ауылды қамтығандықтан бізге тәртіпсіздікке қатысқан барлық адамнан жауап алып шығып, дерек базасын жасау және баға беріп, талдау керек. Содан кейін біз әр адамның бұл жанжалға қатысу себебін анықтаймыз, — деді Алексей Калайчиди.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!