Басты бетЖаңалықтарЕлімізде ауа...

Елімізде ауа температурасы нормадан 8-16 градус жоғары болады

Олардың мәліметінше, оңтүстік-батыс тропосфера ағынымен бірге Қазақстанға Қара теңіз циклоны ығысып, жаңбыр, мұзақ, жылбысқы қар, боран, оңтүстік-батыстың күшті желі мен жылу алып келеді.

Ауа температурасы түнде ғана емес, күндіз де 6 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады. Мұндай жоғары температурадан және жауын-шашыннан ауа райының қазіргі қауіпті құбылыстарының қатарына көктайғақ пен тұман қосылды. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста оңтүстік циклонмен бірге жаңбыр мен жылбысқы қар да жауады, ауа температурасы 0-ден 5-10 градусқа, қиыр оңтүстікте 12-18 градусқа дейін жоғарылайды, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық өңірінде температура климат нормасынан 8-16 градус жоғары болады.