Роман Склярдың мәліметінше, биыл Қатар, Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт сияқты елдердің танымал әуе компаниялары 14 жаңа бағыт ашады. Сонымен бірге Швейцария, Оңтүстік Корея, Сингапур, Латвия, Литва елдеріндегі авиация саласының басшылығымен келіссөз жүргізіліп жатыр.
Роман Скляр Мемлекет басшысының 2019 жылғы тапсырмасы орындалып, нәтижесінде жаңа 12 бағыт — Нұр-Сұлтаннан Прагаға, Ұлан-Батырға және Токиоға рейстер ашылғанын хабарлады.
Президент мүдделі мемлекеттермен арадағы әуе қатынастарын кеңейтуді және Қазақстанның негізгі әуежайлары арқылы өтетін жүк тасымалы көлемін ұлғайтуды тапсырды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық авиациядағы бәсекелестікті арттыру қажет екенін айтты, бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасына және саланы дамытуға оң әсер етеді.