Қаңтарда нан өнімдері және жарма түрлері, ет, балық пен теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май мен тоңмай, жеміс-жидек пен көкөніс, кондитер өнімдері, алкогольсіз және алкогольді сусындар қымбаттады, қант арзандады.
Жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасының бір келісінің орташа бағасы 319 теңге (2019 жылғы қаңтарда 246 теңге), сұлы жармасының келісі 351 теңге (бір жыл бұрын 327 теңге), сөк 375 теңге (бір жыл бұрын 241 теңге), күріш 378 теңге (бір жыл бұрын 317 теңге) болды.
Құмшекердің бір келісінің орташа бағасы биыл 188 теңге болды, 2019 жылғы қаңтарда 240 теңге болған еді.
2020 жылғы қаңтарда сиыр етінің жауырын-төс бөлігінің келісі 1815 теңге (2019 жылғы қаңтарда 1560 теңге), сүйегі бар қой етінің келісі 1719 теңге (1464 теңге), сүйегі бар жылқы еті 2039 теңге (1766 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігі 1467 теңге (1320 теңге), шала ысталған шұжық 2172 теңге (2030 теңге), тауықтың сан етінің келісі 833 теңге (750 теңге) болды.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың алғашқы айында елімізде инфляция 0,7% болды. Азық-түлік бағасы 2019 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, яғни бір айда 0,9%, азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызмет түрлерінің бағасы 0,5% өскен.