Биылғы форумда қазақ тіліндегі онлайн контенттен ақша табу және Қазақстан медиа нарығын дамыту мәселелері талқыланады. Сонымен бірге медиа сарапшыларының қатысуымен шеберлік сабағы мен тренинг өткізу жоспарланған.
Форумды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің бастамасымен Қазақстан баспасөз клубы ұйымдастырып отыр. Клуб шараға онлайн БАҚ өкілдерін, блогерлер мен влогерлерді, медиа сарапшыларын шақырады.
Форумға Fkoc.kz сайтына кіріп, тіркелуге болады.