Тазартылған күнбағыс майы көлемінің үштен екісін және тазартылмаған майдың 85%-ін Шығыс Қазақстан облысы өндірді. Өңірде «Май» АҚ, «Востоксельхозпродукт», «Өскемен Май зауыты» серіктестіктері және басқа да компаниялар жұмыс істейді.
2019 жылдың 11 айында Қазақстанның май өндірушілері нарық сұранысының 73,3%-ін өтеген. Өндіріспен бірге экспорт та артып отыр, өнімді шетелге шығару көлемі бірден 27,8% немесе 72,5 мың тоннаға ұлғайған.
Елімізде күнбағыс майы бір жылда 6,3% қымбаттаған, дегенмен 2020 жылдың қаңтарында оның литрі 433,2 теңге болды, бір жыл бұрын қаңтарда есепке алынған бағадан 0,5% қана жоғары.
Күнбағыс майы республика бойынша Ақтауда, Нұр-Сұлтанда және Атырауда қымбат болып отыр.
2019 жылдың басында елімізде 856,9 мың гектарға күнбағыс егілетіні белгілі болды, 2018 жылы 895,9 мың гектар болған. Егін шығымдылығы да тиісінше 10,2 центнерден 10 центнерге азайды. Кейінгі жылдары жиналатын күнбағыс тұқымының жалпы мөлшері азайып келеді, 2017 жылы жиналған күнбағыс өнімі өңдеуден кейін 902,6 мың тонна болса, 2018 жылы 847,7 мың тонна болған.