0%

әл-Фараби "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы" трактатын қай елде жазған?

Дұрыс! Қате!

Бұл әйгілі еңбегін әл-Фараби 948 жылы Мысырда жазған.

әл-Фараби "Материяда мүлдем бос кеңістік жоқ, бірақ материяның жаратылысы бізге белгісіз" деп қай еңбегінде жазған?

Дұрыс! Қате!

Бұл ойды әл-Фараби "Вакуум" атты еңбегінде айтады, ол "Материяда мүлдем бос кеңістік жоқ, бірақ материяның жаратылысы бізге белгісіз", - дейді, бірақ дәл осы еңбегінде ол тұжырымды "Материяда салыстырмалы түрде бостық болуы мүмкін, бірақ ол шын мәніндегі абсолют бостық емес, ауасы сиретілген кеңістік", - деп нақтылайды.

Ойшыл қай еңбегінде өсімдік пен жануардың жаны туралы айтады?

Дұрыс! Қате!

әл-Фараби "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы " трактатында адамның өзін тану жөніндегі ойларын "өсімдік жаны", "хайуан жаны", "адам жаны" деп жүйелейді.

Француз шығыстанушысы Рудольф д'Эрланже әл-Фарабидің қай еңбегін француз тіліне аударған?

Дұрыс! Қате!

1930-1935 жылдары француз шығыстанушысы Рудольф д'Эрланже әл-Фарабидің "Музыканың ұлы кітабы" атты еңбегін француз тіліне аударған.

әл-Фарабидің азан шақырып қойған есімі кім?

Дұрыс! Қате!

Оның азан шақырып қойған есімі - Мұхаммед. Толық аты-жөні - Əбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ əл-Фараби ат Түрки. "ат Түрки" шыққан тегі түркі дегенді, əл-Фараби - Фарабтан шыққан дегенді білдіреді. Мұхаммед - әкесінің де аты, атасының аты - Тархан, атасының әкесі - Ұзлағ.

әл-Фарабидің жүрек туралы философиялық ой-пікірі Абайдың нешінші қара сөзінде айтылады?

Дұрыс! Қате!

әл-Фарабидің "Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді" дегені Абайдың он жетінші қара сөзінде қолданылады. Абай қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің ғылымға жүгінгенін баяндайды. Сонда ғылым: "Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім. Бірақ үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым", - депті.

әл-Фарабидің пікірінше, қайырымды қала басшысы қандай өнерді жетік білуі керек?

Дұрыс! Қате!

әл-Фараби "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы" атты трактатында қайырымды қала басшысында алты қасиет болуы керек деп есептейді. Олар: даналық, асқан пайым, сенім, ойлау қабілетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы.

әл-Фараби "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы" атты трактатында байлардың қатарына кімдерді жатқызады?

Дұрыс! Қате!

әл-Фараби "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы" атты трактатында байлардың қатарына егіншілер мен саудагерлерді жатқызады.

"Әбу Насыр әл-Фараби 70-ке жуық тіл білген" деп жазған араб тарихшысы кім?

Дұрыс! Қате!

Араб тарихшысы Шәмсуддин Әбул-Аббас ибн Мұхаммед ибн Халликан "Әбу Насыр әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген" деп жазған. Дегенмен бұған күмән келтіретін ғалымдар бар.

әл-Фараби қандай музыкалық аспап ойлап тапқан?

Дұрыс! Қате!

әл-Фарабидің музыка туралы трактаттарына қарағанда ол "канун" немесе "әл-канун" деп аталатын аспап ойлап тапқан. Канун - ішекті аспап.

әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми мұрасынан не білесіз?

Жаман емес, бірақ ғұлама ойшыл әл-Фарабидің еңбектерін қайта оқып шығуға кеңес береміз.

Жарайсыз! әл-Фараби әлемінен хабардар екеніңіз қуантады.

Бәрекелді! Бұл - үлкен жетістік.

Әлеуметтік желіде бөлісу: